


Жаңалықтар
"ХИМИЯ, БИОЛОГИЯ САБАҚ ПРОЦЕСІНДЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ.
МЕКТЕПТЕГІ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ӘДІСТЕРІ" ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ.
23 ақпан 2024 жылы «Б.Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» базасында география пән мұғалімдеріне арналған «Мектептегі география пәнін оқытудың жетілдірілген әдістері» тақырыбында семинар өтті. Семинарды спикерлер оқушылармен бірлесе отырып, десант сабағы түрінде көрсетті. 8- сыныпқа Е.Айшуақұлы атындағы мектептің география пән мұғалімі Бақытжанова Фариза «Демографиялық проблемалар» тақырыбында сабақ өткізіп, оқушыларға демографиялық проблемаларды анықтай отырып халықтың өсу кему типтерін анықтауды үйретті. Сабақты өз деңгейінде өткізілді. 9-сыныпқа С.Жанғабылов атындағы мектептің география пән мұғалімі Орынбасарова Гулзада «Урбандалу үрдісі» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақта урбандалу үрдісінің себеп салдарын түсіндіре отырып, топтық жұмыс арқылы артықшылығы мен кемшілігін «Квест» ойыны арқылы урбандалуға қатысты сұрақтарға жауап берді. Сабақ жоғары дейгейде өткізілді. Екі спикер де орталықтың Алғыс хатымен марапатталды.



«БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»
“Ғылыми жобаны жазу және рәсімдеу талаптары”
«Заманауи мектепті басқару: трендтер және болашақ» тақырыбында өткен республикалық форум.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы Smart bilim мектеп-гимназиясы базасында 2024 жылдың 03 ақпанында Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары мемлекеттік мектептері директорларының қатысуымен «Заманауи мектепті басқару: трендтер және болашақ» тақырыбында табысты басқару тәжірибесімен бөлісу, алдағы кезеңге проблемалық бағыттарды және міндеттерді айқындау мақсатында өткен республикалық форумында білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
TEDx форматындағы интерактивті сессияға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты. Еліміздің бас ұстазы отандық білім беру жүйесін дамытудың маңызды аспектілеріне тоқталып, кадрлық әлеуетті арттыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Жиынға қатысушыларға білім беру саласындағы бақылау және мониторинг іс-шараларының қорытындылары және биылғы жылға арналған жоспарлар, атап айтқанда:орта білім беру мәселелері, білім беру сапасын арттыру, инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту, цифрландыру, балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәрбие жұмысының бірыңғай Тұжырымдамасын іске асыру, PISA — 2022 нәтижелері және алдағы басымдықтар, педагогтерді аттестаттау мәселесіндегі жаңашылдықтар туралы айтылды.
Мыңға жуық мектеп басшылары қатысқан кездесуде диалог алаңы ашылып, әріптестеріміз толғандырып жүрген көкейдегі сұрақтары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Фотогалерея
