Жаңалықтар

«Қамқоршылық және сүйіспеншілік» атты ашық есік күнін ұйымдастыру
20 қараша-Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндікті ұйымдастыру жоспары негізінде қараша айының 20-сы күні»Қамқорлық және сүйіспеншілік» атты ашық есік күні ұйымдастырылды.
Мақсаты: ата-аналар мен балалардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету және балаларды тәрбиелеу, дамыту.
Мектеп психологы-Өтесінова Н. ата-аналарға және балаларға буллингтің, зорлық-зомбылықтың, әлімжеттіктің алдын алу тренингтерін өткізді.
Тұмау, жедел респираторлық вирустуқ инфекциялардың алдын алу бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу
Тұмау-бұл кез-келген адамның жұқтыруы мүмкін жұқпалы ауруы. Қазіргі кезде респираторлық вирустық инфекциялар өршіп, ұлғая түсуде.
Тұмау, жедел респираторлық вирустуқ инфекциялардың алдын алу мақсатында мектебіміздің медбикесі-М.Аженова 1-інші және 2-інші ауысымда оқитын оқушыларға түсінік жұмысынын жүргізді.
Оқушылардың жеке бас гигинасын сақтауы, таза ауада көп болу. сұйықтықты көп ішу, құнарсыз фас-фуд өнімдеріне әуес болмай үйде дайындалған сорпа-астарын ішу, үнемі жылы жүру, сынып кабинетінде терезелерді ашып ұстау, күн сәулесін түсіріп қою және ауырған жағдайда дәрігерге міндетті қаралу керектігі түсіндірілді.
Тұмау ауруынан сақ болайық!
Жаңалықтар
«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»
«Адал азамат біртұтас тәрбие бағыты» аясында 2025-2026 оқу жылына арналған тәрбие жоспарының іс-шара жоспары бойынша»Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»: тақырыбымен үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақыты «Асық», «Бес тас» ойын түрлерінде ұйымдастырылады.
 
Жұма – тек апта соңын емес, тазалық пен тәртіпті бастайтын күн. Осы күні сыныпта тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, әр оқушы өз орнын, партасын, сынып ішін ретке келтіруге ат салысады.
Сынып тазалығы – бәрімізге ортақ міндет. Таза, жарық, жинақы сыныпта оқу – көңіл-күйді көтеріп, білім алуға ынта тудырады. «Тазалық – саулық негізі» дегендей, тазалыққа деген жауапкершілік – тәртіп пен мәдениеттіліктің белгісі.
Таза сынып – жарқын болашаққа!
7 а сынып оқушылары.Сынып жетекшісі: Сағатова Жұлдыз
 
Тақырыбы: «Жалған терроризм – ауыр қылмыс»
2025 жылдың 4-желтоқсан күні 7 «А» сыныбында «Жалған терроризм – ауыр қылмыс» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға терроризм мен жалған хабарламаның қоғамға тигізетін қауіпін түсіндіру, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен таныстыру және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Сабақ барысында оқушыларға нақты мысалдар келтіріліп, бейнеролик көрсетілді. ҚР ҚК 273-бабы бойынша жалған терроризм әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны түсіндірілді. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, «егер сен осындай жағдайға тап болсаң…» деген жағдаяттарды талқылады.
Сабақтың соңында оқушылардан рефлексия алынып, қауіпсіздік ережелері мен қоғамдағы жеке жауапкершілік туралы қорытынды жасалды.
Қорытынды: Оқушылар сабаққа белсене қатысты, өз пікірлерін ашық білдіріп, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінудің маңызын түсінді.
Сынып жетекшісі: Сағатова Жұлдыз
 
Тақырыбы:»Абай – дана, Абай – дара қазақта!» атты мәнерлеп оқу сайысы
Мақсаты:
– Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау;
– Оқушылардың көркем сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту;
– Абай мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Қатысушылар: 3, 4, 5-сынып оқушылары
– Абай өлеңдерін жатқа, көркем мәнерлеп оқу;
– Ақын туралы қысқаша мәліметтер беру;
– Қазылар алқасының бағалауы;
– Жеңімпаздарды марапаттау.
Іс-шара барысында жеңімпаздарды дипломмен марапаттады.
Ұйымдастырушы педагог: Әлібаева Тоғжан
 
 
16 қараша-Халықаралық төзімділік (толеранттылық) күні
16 қараша-Халықаралық төзімділік (толеранттылық) күніне орай 9 «ә» сынып жетекшісі-А.Советұлы сынып оқушыларына «16 қараша-Халықаралық төзімділік (толеранттылық) күні» атты зияткерлік сайысын өткізді.
Сайыстың мақсаты: Оқушыларға Қазақстанды мекендейтін ұлттарды құрметтей білуге, ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан, ұлттар арасындағытатулықты, бірлікті, бейбітшілікті сақтау маңызды екенін айта келе, сынып жетекшісі сыныбын топтарға бөліп, әр топқа атау беріп, толеранттылық ұғымын ашатын әр түрлі сұрақтар беру арқылы зияткерлік сайыстың тақырыбын аша білді.
Сайыс соңында әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаз командалар анықталып марапатталды. Сынып жетекшісі оқушыларына ризашылығын білдіріп, әр топқа өзі дайындаған шоколадтарын үлестірді.
«Жан дүниеміз жарқын болсын!» психологиялық онкүндігінің ашылуы
Онкүндік аясындағы 1-күн – «Жарқын жан – жарқын өмір» күні ұйымдастырылды.
Күннің ұраны: «Көңілің жарқын болса – өмірің мәнді».
Іс-шара барысында 6-сынып оқушыларына позитивті ойлаудың, көңіл күйді реттеудің маңыздылығы туралы қысқаша мағлұмат берілді.
Практикалық бөлімде оқушылар «Көңіл күй ағашы» жаттығуына қатысып, ағаштың суретін салып, өз көңіл күйін смайликтер арқылы бояп, ортақ ағашқа жапсырды.
Жаттығу оқушылардың эмоциялық жағдайын анықтауға, өз сезімдерін түсінуге және сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталды.
 
«Фаст фуд өнімдері мен газдалған сусындардың зияны»
Қазіргі заманғы тамақтану проблемаларының бірі-фаст фуд өнімдері мен газдалған сусындарға деген шамадан тыс құмарлық. Олар сауда желісінде өте көп сатылатындықтан жасөспірімдер, жастар бұл өнімдерге өте әуес.
«Саламатты мектеп» жобасы аясында мектеп медбикесі Аженова Маржан мектеп оқушыларына «Фаст фуд өнімдері мен газдалған сусындардың зияны» тақырыбымен дәріс оқып, түсінік жұмысын жүргізді.
Мақсаты: фаст фуд өнімдері мен газдалған сусындардың адам организмі үшін зияны туралы ақпараттар беру және балалардың ағзасының өміріне қажетті пайдалы тағамдармен қамтамасыз ету туралы түсіндіру.
Мектеп медбикесі оқушыларға жан-жақты «Фаст фуд өнімдері мен газдалған сусындардың зияны» туралы ақпараттар беріп, түсіндіріп өтті.
Жаңалықтар
«Жан дүниеміз жарқын болсын!» психологиялық онкүндігі
2-күн – «Өмір – ең қымбат сый» күні
Күннің ұраны: «Өмірді бағалай біл!»
Онкүндік аясында бүгін ерекше білімді қажет ететін оқушылармен логопед және дефектолог мамандарының қатысуымен түзете-дамыту сабақтары өткізілді. Сабақ барысында оқушылардың жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, сөйлеу, танымдық және коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар ұйымдастырылды.
Жаңалықтар
2025 жылдың 4 қараша күні Б.Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектепте директордың оқу жөніндегі орынбасары, кәсіби бағдар беру педагогы, сынып жетекшінің ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста бітіруші сыныптың оқу үлгерімі, 1 тоқсан қорытындысы, ҰБТ-ға дайындығы туралы айтылды. Сондай -ақ ата-аналардан психологтың жасөспірімдердің мінез-құлқындағы қиындықтар жөнінде сауалнама алынып, талқыланды.
 
 
15 қараша-Ұлттық валюта-Теңге күні
14 қараша күні «Берекет Жұмалиев атындағы ЖББМ» КММ-сінің 8 «а» сынып жетекшісі-Ж.Оспанғалиева сынып оқушыларына «15 қараша-Ұлттық валюта-Теңге күні» тақырыбымен зияткерлік сайыс өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға ұлттық валюта-теңгенің тарихы мен маңызын білу, білімдерін тереңдету, қаржылық сауаттылыққа үйрету.
Оқушылар сайыс барысында «Теңге», «Сом», «Динар» топтарына бөлініп, бірнеше бөлімнен тұратын түрлі зияткерлік сұрақтарға жауап берді. Қазылар алқасы келесі 8 «ә», «б» сынып оқушыларынан тағайындалып, сайыс соңында жеңімпаз команда анықталды. Жеңімпаз командаларға дипломдар табысталып, сынып жетекшісінің әзірлеген тәттілері берілді.
15 қараша-Ұлттық валюта-Теңге күні құтты болсын!
«Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні аясындағы онкүндік өз мәресіне жетті. 💚 Жан саулығын сақтай білейік!»
 
🧠 Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған онкүндік
👨👩👧👦 “Стресс және оны жеңу” — ата-аналармен жұмыс аясында түсіндіру жұмысы өткізілді.
Психикалық саулық — отбасы амандығының кепілі 💚
 
Мектебіміздің Мектеп Парламенті сайлауы өз мәресіне жақындап келеді. Дауыс беру процесі баршаңызға ыңғайлы болу үшін мектептің ресми Facebook парақшасында жалғасатын болады.
Онлайн дауыс беру сілтемесі https://www.facebook.com/profile.php?id=100022355473500
2025 жылдың 7 қазан күні Б.Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектепте кәсіби бағдар беру педагогы Мырзатаева Гүлшат, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қамысбаева Роза, мектеп психологы Өтесінова Нұршаттың және сынып жетекшісі Султанова Жаннаттың ұйымдастырумен 11-сыныпқа жиналыс өтті.
Жиналыстың негізгі мақсаты-бітіруші сынып оқушыларының ҰБТ туралы толыққанды түсінік беру, оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, сонымен қатар мамандық таңдау бойынша бағыт бағдар беру болды.
 
 
Мамандық әлеміне саяхат
„Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында қазан айында 9 сынып оқушылары Маңғыстау аудандық техникалық колледжіне
саяхатқа барды.
Мақсаты:
• 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру, сынып оқушыларының кәсіптік бағдарын қалыптастыру.
• ⁠Оқушылар колледждің мұражайын тамашалап, тарихымен танысты. Одан кейін түрлі мамандықтар бойынша практикалық жұмыстар жүргізілетін бөлімшедегі әртүрлі маман иелерімен жалғастырылып, дәнекерлеу, автомеханик, құрылыс маманы жұмыстарымен таныстырылды.
• ⁠Колледжге саяхат әсіресе ұл балаларға қатты ұнады.
 
 
Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025-2026 оқу жылына арналған “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында “Күзгі асар” жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Бұл игі шараның басты мақсаты: оқушыларды адал еңбекке баулу,еңбектің қадірін ұғындыру,отбасы құндылықтарын дәріптей отырып,үнемшілдікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жәрмеңкеге әр сынып оқушылары белсене атсалысып,өз қолдарымен дайындалған табиғи өнімдері мен дәмді тағамдарын ұсынды.
Шара оқушылардың шығармашылығын арттырып қана қоймай, еңбекті сүюге, бірлесе әрекет етуге үлкен мүмкіндік берді.
Жәрмеңкеден түскен қаражат әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыдан шыққан оқушыға киім-кешек алуға жұмсалады.
25 қазан — Республика күніне орай мектебімізде салтанатты түрде 5-сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай “Жас Ұлан” жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімі өтті. Шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Оқушылар ант беріп, Жас Ұлан гимнін шырқады.
“Жас Ұлан” ұйымы — бұл рухты арттырып, білімге, өнерге және ізгілікке жетелейтін орта. Жас ұрпақтың бойына елге деген сүйіспеншілік, ұлттық құндылықтарға деген құрмет, нағыз азаматтыққа тәрбиелейтін ұйым.
Жаңалықтар
🇰🇿25 қазан – Республика күні
25 қазан Республика күні мерекесіне орай мектебімізде оқушыларға мерекенің тарихи мәні мен маңызы түсіндіріліп, ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға Республика күнінің тарихы туралы бейне және аудио материалдар көрсетіліп, Тәуелсіз еліміздің қалыптасу жолындағы маңызды кезеңдер туралы мағлұмат берілді.
Республика күні –Мемлекетіміздің бастауын және егемендік идеясын дәріптейтін мереке;
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының бастауы;
1990 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған күн.
Бұл күн – халқымыздың тәуелсіздік пен елдік жолындағы тарихи жетістігін айшықтайтын айрықша мереке. 🇰🇿✨
1 тоқсан қорытындысы бойынша «Бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы және І тоқсан нәтижесі» тақырыбында өткізілген ата–аналар жиналысы
️»Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 тоқсан қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 28 қазан күні «Бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы және І тоқсан нәтижесі» тақырыбында ата–аналар жиналысы өткізілді.
Ата-аналар жиналысына Маңғыстау аудандық білім бөлімінің басшысы-Тұржанова Айжақсы Жылқыбайқызы, Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің құқық қорғау орган өкілдері- Оразалиев Ержан, Айжанова Ғалия, мектеп инспекторы-Қыдырқызы Асылтас, мектепішілік «Қамқоршылық кеңестің» төрағасы- Жапарбаев Есен, мектеп ата-аналар комитетінің төрайымы-Жұмаханова Анаргүл, ата-аналар комитетінің мүшелері, кәсіпкер, ата – аналар, мұғалімдер, сынып жетекшілері қатысты.
Жиналыстың мақсаты – мектеп пен ата- аналардың өзара байланысын нығайту, оқушылардың І тоқсандағы оқу жетістіктерін қорытындылау және бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыру, алдағы кезеңге арналған ортақ іс-қимылды айқындау
Мектеп әкімшілігі І тоқсан нәтижелерімен таныстырып, оқушылардың жетістіктері мен алдағы оқу кезеңіндегі мақсат міндеттерді атап өтті.
Оқушының табысты болуы тек мектептің емес, ата-ананың қолдауына тікелей байланысты екендігі, баланың үйде оқуына көңіл бөлу, дұрыс күн тәртібін қалыптастыру, кітап оқуға баулу үлкен әсер ететіндігі жәйлі айтылып өтті.
Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің құқық қорғау орган өкілдері қазіргі таңда ата-ана мұғаліммен бірлесе отырып балалардың тәртібі, қауіпсіздігі, кибермәдениеті және әлеуметтік желіде өзін ұстау мәдениетіне үнемі назар аударып, тығыз байланыста оң нәтиже беретін жұмыстар жүргізіп отыру керектігі айтылды.
Мектепішілік «Қамқоршылық кеңестің» төрағасы- Жапарбаев Есен, мектеп ата-аналар комитетінің төрайымы-Жұмаханова Анаргүл атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде ата-аналарға мәлімет беріп, жұмыстарымен таныстырып өтті.
Жиналыс барысында ата – аналардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныстары ескерілді. Сонымен қатар балалардың оқу үлгерімі мен тәртібі жөнінде пікір алмасып, тәрбие мен оқудағы өзара ықпалдастықтың маңыздылығы атап өтілді.
Жиналыс соңында Маңғыстау аудандық білім бөлімінің басшысы-Тұржанова Айжақсы Жылқыбайқызы мектеп ата-аналарыменен осымен екінші рет кездесуге келгендігін, балаларының білім мен тәрбие алуда мектеппен байланыста болып жиналысқа келген ата-аналарға өз ризашылығын білдіріп, балалардың болашағы үшін оқу мен тәрбиедегі бірлескен жұмыста қолдау көрсету, одан әрі дамытуда серіктестікке шақырды.
«Берекет Жұмалиев атындағы ЖББМ» КММ-нің мектеп президенті Қалымжан Шапағат 25 қазан- Республика күнімен құттықтады.
 
Жаңалықтар
🔰Жаңалықтар🔰РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АЛТЫН САҚА» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ ӨТТІ.
 
Ағымдағы жылдың 1 қазан күні “Б.Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебінің 2024-2025 оқу жылында ұйымдастыруымен 3-4 сыныптар арасында “Алтын сақа” математикалық олимпиадасының мектепшілік кезеңі өтті. Қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталып, аудандық кезеңге жолдама алды.
Оқушыларға сәттілік тілейміз!💐💐💐💐
Мұғалімдер күніне орай өзін-өзі басқару ұйымы мен мектеп оқушылары “Дублер” күнін ұйымдастырды. «Дублер күні» пилоттық жобасы аясында олар бір күн ішінде өз ұстаздарының лауазымдық міндеттерін орындады. “Дублер күніне” қатысқан оқушыларымыз дайындықпен келгенін, өздерінің жауапты, креативті екендерін көрсете білді.
 
 
Мектебімізде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім департаменті «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес «Ұстаздар күні» мерекесіне орай өскелең ұрпақтың ұстаздарға деген құрметі мен сүйіспеншігін арттыру мақсатында Республикалық «Даналық ұстаздан» челленджі ұйымдастырылды.
 
 

🌞 Жаз-2024: жазғы демалысты қалайша қауіпсіз әрі пайдалы өткізуге болады?

📖Жаңалықтар📖 Қазақстан Републикасының Оу-ағарту министрлігі балалардың бойында жазғы демалыс мәдениетін қалыптастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың»
Guidebook жинағын әзірледі.
📌 Бұл әдістеме тоғыз бөлімнен тұрады: «Жаз кітаппен бірге», «Сенің қауіпсіз жазың», «Танымдық жаз», «Сенің өмір салтың – салауатты өмір салты», «Жаз – өнердің, шығармашылықтың және сұлулықтың қызықты әлемі», «Жаз – өзін-өзі дамыту уақыты», «Сенің алғашқы жеке күнделігің», «Өз қолыңмен жазғы сыйлық жаса», «Жазғы ойындар». Сондай-ақ мұнда жедел қызметтердің телефон нөмірлері де көрсетілген.
«Балалардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, 1-4, 5-9, 10-11 сынып оқушылары үшін «Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың» Guidebook жинағының үш нұсқасы әзірленді. Оның әрбір парағында QR-кодтар орналастырылған, ол арқылы оқушы сол берілген тақырыптар бойынша ақпарат ала алады. Бұдан басқа мұнда орталық мемлекеттік органдармен бекітілген балаларға арналған жазғы сауықтыру орталықтарының тізімі берілген», — дейді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Стэлла Ибраева.
📎 «Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың» Guidebook-тің электронды нұсқасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, сондай-ақ өңірлік білім басқармалары мен білім беру ұйымдарының ресми сайттарында қолжетімді. Жаз мезгілінде жалпы еліміздегі оқушылардың 92%-ын демалыспен және еңбекпен қамту жоспарлануда.

Фотогалерея

Жаңалықтар