Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛДЫ.
Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Амалбек Әдемі Ауыл олимпиадасының облыстық кезеңінде жүлделі 2-орынға ие болды.
Құттықтаймыз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
 
Бүгін, яғни 2 қараша күні Жармыш мектебінде техника ғылымдарының кандидаты Ешманов Досан Жұмабекұлы атындағы математика пәнінен аудандық олимпиада өтті.
Аудандық олимпиадаға 6-сынып оқушылары қатысып, Жұма Әбілмансұр 2-орын, Дарменов Ырысбек 4-орын иеленді.
Жетекшілері: Қаржауов Саламат, Қомшабаев Ораз.
 
Оқушылырымызды құттықтаймыз!
Құттықтаймыз! 
 
Республикалық ғылыми жобаның аудандық кезеңінен тарих секциясы бойынша Бүркітбаева Айнара 1 орын 🥇🏆
Тақырыбы: Серікбол мифологиясын мультфильм арқылы жеткізу
Жетекшісі: Таңбаева Шаттық
Шын жүректен құттықтай отырып, облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!
 
Оқушылар жетістіктері
🔰Оқушылар жетістіктері🔰Жаратылыстану-математика циклы бағыты пәндері бойынша XVII Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде
мектебіміздің 11-сынып оқушысы
Құлтөре Үкілімай ІІ орын иеленді.👏🏻👏🏻👏🏻
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!💐
 
Оқушылар жетістіктері

Құттықтаймыз!!!

Маңғыстау ауданы физика қауымдастығының ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылар арасында өткен “Жас физик” олимпиадасында “Б.Жұмалиев атындағы ЖББМ” 8-сынып оқушысы Рүстемқызы Лағыл және 7-сынып оқушысы Арманқызы Ақерке ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі Максотова Бақтыгүл
Жетекшісі мен шәкірттерін жеткен жетістігімен құттықтаймыз!👏🏻
Оқушылар жетістіктері

Құттықтаймыз!!!

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілердің облыстық форумында «Идеядан іске асыруға дейін» номинациясы бойынша ІІ орын иеленген Аманқос Роза дипломмен марапатталды.
Жетекшісі Дабысова Гүлназия.
Оқушылар жетістіктері

Құттықтаймыз!!!

«Табиғатты аяла» форумының аудандық кезеңінде «Идеядан іске асыру» бағыты бойынша І орын иеленген 9 сынып оқушысы Аманқос Роза дипломмен марапатталды.
Жетекшісі Дабысова Гүлназия.
3 (1)

Құттықтаймыз!!!

«Каспий толқыны» табиғат жанашырларының облыстық фестивалінің аудандық кезеңінде «Welcome to Caspian Sea» номинациясы бойынша ІІІ орын иеленген 7 сынып оқушысы Жетібаева Назерке дипломмен марапатталды.
Жетекшісі Дабысова Гүлназия.
2 (1)

Құттықтаймыз!!!

«Каспий толқыны» табиғат жанашырларының облыстық фестивалінің аудандық кезеңінде «Welcome to Caspian Sea» номинациясы бойынша ІІ орын иеленген 10 сынып оқушысы Нұхы Ақылбек дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: Кулмурзаева Баршагул.
Оқушылар жетістіктері

Құттықтаймыз!!!

«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай Маңғыстау ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен аудан жастары арасында бірлік пен татулықты нығайту мақсатында өткен «Маңғыстау жастары бірлікте» атты аудан мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында футзал турнирінде II орын алған мектеп командасын және «Үздік ойыншы» атанған 11-сынып оқушысы Тынышқалиұлы Рауанды жетістіктерімен құттықтаймыз!

Жетекшісі мен шәкіртін жеткен жетістігімен құттықтаймыз!👏

“Pro Eco” аудандық экологиялық жобалар конкурсынан “Таза қала сізден басталады” номинациясы бойынша І орын және облыстық кезеңінде ІІІ дәрежелі дипломмен 7 сынып оқушысы Жайық Жанель Сағынбекқызы марапатталады.
Жетекшісі Дабысова Гүлназия.

Жетекшісі мен шәкіртін жеткен жетістігімен құттықтаймыз!👏

“Менің Отаным-Қазақстан “ туристік экспедициялық жасақтарының аудандық кезеңінен “Туристік маршруттар” номинациясы бойынша Рүстемқызы Лағыл І орын иеленді. Жетекшісі: Оспанғалиева Жаңылсын.

Жетекшісі мен шәкіртін жеткен жетістігімен құттықтаймыз!👏

Аққуларға және Дүниежүзілік экологиялық білім күніне арналған V Маңғыстау “Эколидер” байқауының аудандық кезеңінен “Эко-көзқарас” номинациясы бойынша 6 сынып оқушысы Қуантұрлы Жаннұр II орынды иеленді. Жетекшісі Буркитбаева Сайлаухан Джалгасовна

Ақмола облысы, Щучье қаласындағы Балдәурен Республикалық оқу-сауықтыру орталығының «Мен тәлімгер болар едім…» кәсіби көшбасшылар мектебі ұйымдастыруымен өткізілген «IQ games» интеллектуалдық олимпиадасы ойынына белсенді қатысып I орынға ие болған  9 ә сынып оқуышысы Амалбек Әдеміні құттықтаймыз!

"Абайдың қара сөзі-тәрбиенің қайнар көзі"

Фотогалерея