Жаңалықтар

🌞 Жаз – балалар мен олардың ата-аналарының асыға күтетін жыл мезгілі.
Жазғы демалысты қызықты өткізуде қауіпсіздік ережелерін сақтауды да жадыңыздан шығармаған абзал. Осы мақсатта біз жаз мезгілінде балалардың суға шомылу, орманға бару немесе қалада саяхаттау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауы бойынша жадынама әзірледік. Ол туралы карусельден толығырақ танысуға болады.
 
⬆️⬆️⬆️⬆️
 

🔰 ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырханның қазақстандық ата-аналарға үндеуі!

"Жалпыадамзаттық құндылықтар - тәрбиенің қайнар көзі" тақырыбымен өткізілген мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысы

«Жалпыадамзаттық құндылықтар — тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбымен мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. Мектеп директорының жартыжылдық жұмысы бойынша ата-аналарға есебі. Мектеп бюджеті қаржысының игерілуі, жаңа міндеттер туралы.
(Мектеп директоры: Тажмаганбетова Агилен Бишеевна)
2. 3 тоқсанның білім сапасы, үлгерім қорытындысы. Оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеу, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі тест сынақтарына дайындығы мен көрсеткіші. (Мектеп директорының оқу-ісі жөнінен орынбасары: Қамысбаева Роза Дауловна)
3. «Ата-аналардың жауапкершілігі мен міндеттері».
(ДТІЖО: Серикова Гульшат Кошахановна)
4. «Жасөспірімдер арасындағы қатыгездік — қоғам қасіреті». Тренинг. (Педагог-психолог: Махамбет Жанаргүл)
5. «Оқушылардың арасындағы құқықбұзушылық және оның алдын алу».
Мектеп инспекторы: (Кенжеахметова Салтанат Муратовна)
📣ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
 
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталады!
ҚР БжҒМ-ң 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес, бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.
1-сыныпқа 6 жастағы және осы жылда 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
Бұл – мемлекеттік қызмет көрсету нысаны болып табылады. Ата-ана алдын-ала мектепті белгілеп, www.egov.kz веб- порталы арқылы өз өтініштерін тапсыра алады.
🔰Қажет құжаттар тізімі:
1. өтініш;
2. 052-2/у нысанды денсаулық паспорты;
3. баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосуреті.
Өтінішті үй жағдайында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мектептерде орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тапсыруға болады.
Гимназиялар мен лицейлерге қабылдау тәртібі:
Биылғы жылғы 1 сыныпқа қабылдаудың басты ерекшілігі лицейлер мен гимназияларға қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар дайындық деңгейлеріне қарамастан тең мүмкіндікке ие болады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты 1 сынып оқушыларына психологиялық қысымды азайтуға бағытталған.
Гимназия мен лицей сыныптарына өтініш беру 1 сәуірден бастап сынып толымдылығы қалыптасқанға дейін жүзеге асырылады. Сондықтан, орын саны шектеулі болғандықтан, балаларын гимназиялар мен лицей сыныптарына беруді жоспарлаған ата-аналар, 1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметті алуға кеңес береміз.
Жаңа оқу жылында аудан бойынша 880 оқушы қабылданады деп жоспарлануда. Өткен оқу жылында 1094 бала 1 сыныпқа қабылданған болатын. Ата-аналар соңғы күнге қалдырмай, балаларымызды мектепке қабылдауға
өтініш беруді 1 сәуірден бастайық!
Ата-аналарға

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Ата-аналарға

Ата-аналарды педагогикалық қолдау тренингі

Ата-аналарда педагогикалық қолдау бағдарламасына сай «Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы» тақырыбымен 10 сынып жетекшісі — Г.Қалиланова 10-11 сынып ата-аналарына педагогикалық қолдау тренингін өткізді.
Мақсаты: ата-аналардың өз балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез- құлық қаупінің алдын-алу жолдарын дамыту.
Міндеттері:
1. Ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген ұмтылысын ояту;
2. Баланың дамуындағы ықтимал қауіптер, тәуелділік мінез-құлық белгілері және оның алдын алу шаралары туралы ата-аналардың түсініктерін кеңейту;
3. Ата-аналардың балаларына көңіл бөлуінің, заңсыз әрекеттердің алдын алуының маңыздылығын күшейту;
Ата-аналарға әр түрлі тапсырмалар, сұрақтар беріліп, ата-аналармен кері байланыс жасалды.

Мектепішілік ата-аналар жиналысы

2024 жылдың 31 қаңтары күні сағат 17:00-де «Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ата-ана мен бала арасындағы байланыс» тақырыбымен мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ата-аналар жиналысында оқушылардың 2 тоқсан бойынша үлгерімі, білім сапасы, оқушылардың тәрбиесі, тәртібі, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы талқыланды.
Ата-аналармен кері байланыс жасалып, сұрақтарға жауап берілді.

Фотогалерея

Ата-аналарға