Жаңалықтар

"Жарқын болашақ" бағдарламасы бойынша 2023-2024 оқу жылына студенттерді оқуға қабылдау туралы кездесу

Бүгін 9, 10, 11 сынып оқушыларына «Жарқын болашақ» бағдарламасы бойынша 2024-2025 оқу жылына оқуға қабылдау туралы кездесу өткізілді. Кездесуге ата-аналар, мұғалімдер және 9, 10, 11 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: «Жарқын болашақ» бағдарламасы — Жаңа өзен, Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия, Бейнеу және Мұнайлы аудандарының жасөспірімдеріне еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындарына білім алуға жағдай жасауды көздейді.
Бағдарлама беретін мүмкіндіктер:
1. Оқу ақысы
2. Жатақхана ақысы
3. Жол ақысы
4. Жоғарылатылған шәкіртақы
Биылғы 2024-2025 оқу жылына 600 грант иегерін қабылдау жоспарлануда.
2024 жылдың мамыр айының 14 күні «Б.Жұмалиев атындағы ЖББМ» КММ-де Маңғыстау аудандық қорғаныс бөлімінің әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс тобы инспекторы: Г.Тасымбаева 11-сынып оқушыларын әскери оқу орындарымен таныстырып, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу аяғында оқушылар өз ойларындағы сұрақтарын қойып, жауап алды.

Әскери оқуға қалай түсуге болады?

 Бүгін Маңғыстау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өкілі, капитан — Қанатов Ғалыммен, инспектор-Тасымбаева Гульфайруспен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Сағадат Нұрмағанбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының 1 курс курсанты — Ізбасар Алпамыспен кездесу өткізілді.
Кездесуде мектептің 9,11 сынып оқушыларына Қазақстан аумағындағы әскери оқу орындарына қалай тапсыруға болатындығы жөнінде және әскери оқу орнының мүмкіндіктері мен жеңілдіктері туралы айтылды.
Сағадат Нұрмағанбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының 1 курс курсанты — Ізбасар Алпамыс өз оқу орны туралы, әскери оқу орнындағы өзінің 1 күнгі оқу күні туралы айтып өтті.
Кездесу аяғында оқушылар өз ойларындағы білгісі келген бірнеше сұрақтарын қойып, жауап алды.
Кәсіптік бағдар беру