Жаңалықтар

22 қазан күні мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында, жоба жетекшісі: Г .Сариева және мектеп кітапханашысы В.Оразалиеваның ұйымдастыруымен 2-6 сыныптар аралығында «Үздік оқырман» атты сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Көркем әдебиет арқылы ой-өрісін, сөздік қорын, танымдық қабілеттерін дамыту. Сайыс қорытындысы бойынша «Үздік оқырман», «Кітапқұмар», «Белсенді оқырман» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, алғыс хаттармен марапатталды.
🔰Кітапханашы жетістіктері🔰КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ.
Ағымдағы жылдың 23 қазан күні Н.Жұбаев атындағы ЖББМ» КММ-де «Оқуға құштар баланы тәрбиелеудегі мектеп кітапханасының рөлі» тақырыбында мектеп кітапханашыларына семинар өтті. Семинарда мектебіміздің кітапханашылары Оразалиева Венера Аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен және Төлегенова Жайгүл Оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.
 Құттықтаймыз!💐👏🔰👏💐

Фотогалерея

Кітапханашы жетістіктері