Меню



Назад
Далее
Жаңалықтар
Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «Б.Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп»КММ-да Республика күні мерекесіне орай «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханашысы Ж.Төлегенова «Қазақ елі менің – Отаным » тақырыбында 5-7сынып оқушыларына көрме ұйымдастырды.
Мақсаты: ҚР мемлекеттік мерекелері туралы мәлімет беру.Республика күнінің маңыздылығын ұғындыру. Балаларды достыққа, адамгершілікке,саналылыққа тәрбиелеу.
«Кел, балалар, оқылық»!
18.04.2024 ж күні кітапханашы Ж.Тулегенованың ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларына «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кел, балалар, оқылық»! 20 минуттық қоңырауда ертегі кітаптары таныстырылып, оқытылды. Оқушылар күнделікті оқып жүрген кітаптарынан үзінді айтып, бос уақыттарын тиімді пайдаланды.
Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын ояту. Оқырман санын көбейту. Оқушыларды машықтандыру,тәрбиелеу. Кітап –адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы, өнер мен тәрбие құралының ең мықты қаруы болатын ақылшы екенін түсіндіру. Алдағы уақытта да, ертегі кітаптарды оқып жүруге ынталарын қалыптастыру.
"Үздік оқырман" сайысы және көрмесі
2024 жылдың 10 сәуірі күні мектеп кітапханашылары мен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушыларына «Үздік оқырман» сайысы өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға «Білімнің қайнар көзі-кітап» екенін, адамның ойын дамытатын, сауатын , тіл байлығын, сөз қорын молайтатын кітап оқу екенін ұғындыру.
5 сынып оқушылары жазушы Б.Соқпақбаевтың «Менің атым-Қожа» повесінен көрініс қойса, 6 сынып оқушылары Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұхан» повесін мазмұндап, кейіпкерлерге талдау жасап, берілген сұрақтарға жауап берді.
«Менің сүйікті кітабым» атты челлендж
28.02.2024 жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» атты челлендж ұйымдастырылды. Челленджге 7 сынып оқушысы Жайық Аягөз ағылшын жазушысы Френсис Елиза Бернеттің «Құпия бақ» шығармасын талдап, қысқаша мазмұнымен таныстырды. 8 сынып оқушысы Отан Жансая Дулат Исабековтың «Гаухар тас» повестін оқып талдау жасады. Оқушылар «Менің сүйікті кітабым» атты челленджді «Шетпе гимназиясы» КММ-не жолдады.
Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға, оқушылар мен ата- аналардың бірлігін нығайту. Өмірге деген ұмтылыс, құштарлыққа жетелеу. Оқушылардың бір-біріне деген сенімдерін қалыптастыру.
"Қыста кітап оқимыз, жадымызда тоқимыз"
Фотогалерея
